Британия парламенті Еуропа Одағынан шығару уақытын ұзартуға дауыс берді
Негізі бұл Корольдік одақтан наурыздың 29-ында ажырасуы тиіс еді. Дегенмен, парламент Брюссельмен келісілген Брексит жобасын екі мәрте мақұлдамады. Депутаттарға Корольдік құрамындағы Солтүстік Ирландия мен одаққа мүше Ирландия Республикасы арасындағы шекараның болашағы туралы пункт ұнамай отыр.
Ал, Брюссель бұл келісімнің қайта талқыланбайтынын мәлімдегенімен, Брекситті кейінге қалдыруға дайын. Тереза Мэй екі мәрте қабылданбаған жобаны Қауымдар палатасының дауыс беруіне қайта ұсынбақ. Егер аталған жоба үшінші әрекетте құпталатын болса, Корольдіктің Еуроодақтан шығу процесін 2-3 айға, ал құпталмаған жағдайда, одан да ұзақ белгісіз мерзімге ұзартуға тура келеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды
25.11.2026, 17:25
Ресейде қазақ мәдени ұйымдары көбейіп келеді
25.11.2026, 17:24
СҚО су құбырларын жаңартады
25.11.2026, 17:23
1300 жас маман мемқызметке конкурссыз қабылданды
25.11.2026, 17:22
Қазақстан ТМД ішінде ең білімді елге айналды
25.11.2026, 17:20
Шипажайлардың жұмысын реттейтін заң өзгеруі мүмкін
25.11.2026, 17:19
«Халыққа жақын» жобасы Сыр өңірінен басталды
25.11.2026, 17:17
Қазақстанның зейнетақы мөлшері ТМД елдері арасында 4-орында
25.11.2026, 17:15