Түркияның сыртқы істер министрі Крайстчерчтегі атыс болған мешітке барды
Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу мен вице-президенті Фуат Октай Крайстчерчтегі атыс болған мешітке барды. Құрбандардың мемориалына гүл шоқтарын қойды. Кейін министр атыстан жараланғандар емделіп жатқан ауруханаға барып, олардың қал-жағдайын сұрады.
Чавушоглудың сөзінше, зардап шеккендердің біреуі ауыр халде, қалғандарының жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Терактіден жараланғандар арасында үш түрік азаматы бар.
Крайстчерчтегі екі мешітте наурыздың 15-і күні 28 жастағы Брентон Таррант деген біреу оқ жаудырып, 50 адамды мерт қылды. Ол шабуыл үшін күдіктіге кісі өлтірді деген айып тағылған. Құдай үйіндегі айуандық қылмыстан кейін Жаңа Зеландияда қару ұстау туралы заң өзгертіліп, ереже қатаңдатылмақ.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27