Басты Жаңалықтар Непалда толассыз жауған жауыннан 25 адам қаза тапты

Непалда толассыз жауған жауыннан 25 адам қаза тапты

400-ге жуық адам жараланып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Непалдың премьер-министрі Кхадга Парасад Шарма Оли хабарлады.

Табиғи апат үйлерді қиратып, үйіндіге айналдырған. Ал, Бара округының билігі қаза тапқандар саны артуы мүмкін деп отыр. Себебі құтқарушылар жоғалған адамдарды әлі де іздестіріп жатыр. Непалда көктем мезгілінде жауын-шашын жиі болады. Сондықтан су тасқыны мен табиғи апат қаупі де күшейе түседі.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Бөлісу