Басты Жаңалықтар Эфиопия тергеушілері апатқа ұшыраған Boeing 737 MAX ұшағы туралы ресми баяндама жасады

Эфиопия тергеушілері апатқа ұшыраған Boeing 737 MAX ұшағы туралы ресми баяндама жасады

Экипаж барлық нұсқауларды дұрыс орындаған, алайда пилоттар ұшақты басқару жүйесіндегі ақауға төтеп бере алмаған. Сондықтан Boeing компаниясына бұл механизмді қайта қарастырып, кемшіліктерді жою тапсырылды. Ал америкалық авиаконцерн бұл типтегі ұшақтардың бағдарламалық жасақтамасын сәтті жаңартып, осы бағытта тиісті жұмыстарды қолға алғанын мәлімдеді.

Айта кетсек, Эфиопияда болған апаттан 157 адам мерт болды. Былтыр Индонезияда дәл осындай ұшақ құлағанда 189 адам мерт болды. Зерттеушілер екі оқиғаның себептері ұқсас екенін айтады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Бөлісу