Израиль Батыс жағалауды аннексияламақ
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху сәуірдің 9-ында өтетін сайлауда жеңіске жетсе, оккупацияланған Батыс жағалаудағы қоныстарды аннексиялайтынын жариялады. Бұл туралы ол жергілікті телеарнаға берген сұхбатында айтты. Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауына еврейлерді көшіріп, 120-ға жуық елді мекен салды. Қазір онда шамамен 500 мыңдай израилдік өмір сүріп жатыр.
Алайда, палестиналықтар Израиль басып алған Батыс жағалаумен бірге Шығыс Иерусалимде және Газа секторында өз мемлекетін құрудан үмітті. Сондықтан автономия халқы мен әкімшілігі Нетаньяхудың аннексия туралы мәлімдемесіне үлкен наразылық білдіріп, бұл қадамның аймақта бейбітшілік орнату мүмкіндіктерін жоятынын ескертті.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
16.08.2026, 20:30
Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды
16.08.2026, 20:16
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:11
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 20:00
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын жаңа технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19