Нью-Йоркте қызылшаға байланысты төтенше жағдай жарияланды
Нью-Йоркте қыркүйектің соңынан бері 285 адам қызылша ауруына шалдыққан. Инфекцияны жұқтырғандардың 246-сы - балалар. Қалада бұл ауру сонау 1991 жылдан бері алғаш рет мұнша кең таралып отыр. Қызылша ошағы анықталған аудан тұрғындарына міндетті түрде вакцина алу қажеттігі ескертілді. Өйтпесе олар айыппұл төлейді.
Айта кетсек, Нью-Йорктің жұқпалы ауру тараған кварталында негізінен ортодоксальді еврейлер тұрады. Олар діни түсініктеріне орай екпе салдырмаған. Жалпы, қызылша - аса жұқпалы вирустық дерт. Ол ауа және тамшы арқылы тез таралып, өкпенің қабынуы, құлақ инфекциясы және мидың қабынуы тәрізді ауруларға шалдықтыруы мүмкін.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды
25.11.2026, 17:25
Ресейде қазақ мәдени ұйымдары көбейіп келеді
25.11.2026, 17:24
СҚО су құбырларын жаңартады
25.11.2026, 17:23
1300 жас маман мемқызметке конкурссыз қабылданды
25.11.2026, 17:22
Қазақстан ТМД ішінде ең білімді елге айналды
25.11.2026, 17:20
Шипажайлардың жұмысын реттейтін заң өзгеруі мүмкін
25.11.2026, 17:19
«Халыққа жақын» жобасы Сыр өңірінен басталды
25.11.2026, 17:17
Қазақстанның зейнетақы мөлшері ТМД елдері арасында 4-орында
25.11.2026, 17:15