Украинадағы президенттік сайлау: Зеленский жеңіске жетті
Украинада өткен президент сайлауының екінші турынан кейін алдын ала есеп бойынша Владимир Зеленский алда келеді. Орталық сайлау комитетінің хабарлауынша, ол 73,2 пайыз дауыс жинаған. Ал, оның қарсыласы Петр Порошенко үшін украиналықтардың 25,3 пайызы дауыс берді. Зеленский өзіне сенім білдірген барлық адамдарға алғыс айтып, үміттерін ақтауға уәде беріп отыр. Порошенко халық таңдауын қабылдап, бәсекелесін құттықтайтынын айтты. Дегенмен, ол жеңіліске қарамастан, саясаттан кетпейтінін білдірді. Жексенбі күні өткен сайлаудың ресми қорытындысы мамырдың 1-не дейін белгілі болады. Ал, Украинаның жаңа президенті 3 маусымда қызметіне кірісуі тиіс.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
16.08.2026, 20:30
Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды
16.08.2026, 20:16
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:11
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 20:00
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын жаңа технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19