Жапония императоры тақтан түсті
Мұндай жағдай елдің соңғы 200 жылдық тарихында алғаш рет болып отыр. 85 жастағы Акихито екі жыл бұрын жасына және денсаулығына байланысты қызметін атқара алмайтынын мәлімдеген еді. Сондықтан ел парламенті оған тақтан түсуге рұқсат беретін заң қабылдады.
Жапония императоры саяси билікке ие болмаса да, конституция бойынша мемлекет пен ұлт бірлігінің символы саналады.
Акихито 1989 жылы қаңтардың 7-де император Хирохито қайтыс болғаннан кейін таққа отырды. Ол осы 30 жылда аурулар мен апаттардан зардап шеккен адамдарға жанашырлығымен ерекшеленіп, халық сүйіспеншілігіне бөленді. Акихитоның орнына бүгін жергілікті уақытпен түнгі 00:00-ден аса 59 жастағы ұлы, ханзада Нарухито отырады.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
16.08.2026, 20:30
Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды
16.08.2026, 20:16
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:11
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 20:00
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын жаңа технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19