Жаңа Зеландияда 50 мыңдай мұғалім шеруге шықты
Олар жұмыс уақытын қысқартып, жалақыны өсіруді талап етіп жатыр. Сонымен қатар, манифестанттар атқарылатын жұмыс көп деп, ұстаздарға көмекшілер қажет дейді. Бұл – Жаңа Зеландияда білім саласына қатысты ұйымдастырылған ең ірі наразылық акциясы. Окленд қаласының өзінде оған 10 мың демонстрант қатысқан. Елдің барлық аймақтарында өткен шеру салдарынан 1500-ға жуық оқу ордасында сабақ доғарылды. Ал, оқытушылар кәсіподағы бірнеше ай бойы даулы мәселені үкіметпен талқылаған. Дегенмен, келіссөздер тығырыққа тіреліп, проблема шешілмегендіктен, ұстаздар жаппай ереуілге шығып отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 18:37
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13