АҚШ-та Арканзас өзені арнасынан тасып, оның маңайындағы елді мекендерді су тасқыны жайлады
Апат салдарынан мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр. Тұрғындардың айтуынша, мұндай тасқын бұрын-соңды ел тарихында болмаған. Толассыз жауған жауыннан өзен суы рекордтық деңгейге көтеріліп, кей аудандарда үйлер тұтастай су астында қалды. Мамандар, ескі бөгеттер ағын ықпалына төтеп бере алмауы мүмкін деп отыр. Сондықтан, көршілес Оклохома, Луизиана, Техас штаттарына да қауіп төніп тұр.
Айта кетсек, Америкада «торнадолар маусымы» басталып, орталық штаттарда қолайсыз ауа райы орнады. Оклохомаға соққы берген торнадо салдарынан кемінде 6 адам қаза тапқан. Сондықтан, билік төтенше жағдай жариялап, ауқымды құтқару операцияларын жүргізіп жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08