Таяу Шығыс мұсылмандары Ораза айт мерекесін тойлап жатыр
Бүгін Таяу Шығыс мұсылмандары Айт мерекесін тойлауды бастады. Батыс жағалаудағы мерекелік шараға Палестина президенті Махмұд Аббас қатысып, елдің бұрынғы басшысы Ясир Арафаттың қабіріне гүл шоқтарын қойды. Ал Иерусалимде мыңдаған адам әл-Акса мешітіне жиналып, қасиетті Рамазан айының аяқталуына байланысты намаз оқыды. Содан кейін отыз күн Ораза тұтқан жамағат зираттарға барып, өмірден өткен жақындарына құран бағыштады. Ал Газа секторында Израильмен арадағы шекараға жиналған халық Аллаға мінәжат етіп, бір-бірін құттықтады.
Қазір аймақтың әртүрлі аудандарында мерекелік шаралар ұйымдастырылып жатыр. Үш күндік мейрамда Таяу Шығыс тұрғындары туған-туыстарына сыйлық тартып, бір-біріне қонаққа барады.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08