Басты Жаңалықтар Huawei 30 мемлекетте 5G желісі бойынша 46 коммерциялық шарт жасасты

Huawei 30 мемлекетте 5G желісі бойынша 46 коммерциялық шарт жасасты

Құжатқа сәйкес 100 мыңнан астам 5G базалық станциясын жөнелтіп те үлгерген. Ол – әлем бойынша аталған желіні қолданысқа енгізген алғашқы компания. Осылайша ұйым АҚШ-тың санкцияларына қарамастан, қызметін жалғастыруды көздеп отыр.

Айта кетсек, Вашингтон Huawei-ді телефондары арқылы құпия ақпарат жинады деп айыптап, қара тізімге енгізген еді. Содан кейін, ол Google-дің Android жүйесінен ажыратылды. Бұған жауап ретінде қытайлық компания АҚШ үкіметін сотқа беріп, өз операциялық жүйесін жасауды қолға алды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Бөлісу