Денис Тен – Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері
Бүгін - бақ пен бап, үміт пен күдік таласқан Сочи Олимпиадасының 9-шы күні. Қазақ спортшылары шаңғы эстафетасы, тау шаңғысы және конькимен жүгіру сайысының жүлделері үшін таласқа түсті.
Тау шаңғысы жарысында Дмитрий Кошкин, Мартин Хубер және Игорь Закурдаев ел намысын қорғады. Ал, үміт күткен біраз спортшымыздың бабы келіспеген шығар, сенімді ақтамады.
«Ең құрыса қола алады», деген Алексей Полторанин 15 шақырымдық қашықтықта 9-шы келді. Бірақ, оның тағы бір медальға мүмкіндігі бар, алдағы сәрсенбіде Николай Чеботькомен командалық спринтке қатысады.
Ал, шаңғышы Ердос Ахмадиев жарыс жолын 54-ші болып аяқтады. Елена Хрусталева Ванкувердегі «ерлігін» қайталай алмады, биатлон бағдарламасындағы сындарда 37-ші орыннан көтеріле алған жоқ.
Ал, могулшы Юлия Галышева 7-ші орын алды. Алайда, «Төрешілер әділетсіз болды», деп реніш білдірген Юлия енді спорттан кетпекші. Конькимен жүгіруші Денис Кузин де жүлдесіз қалды.
Ал, фристайлдың акробатика бағдарламасы бойынша сынға түскен 18 жастағы Жанбота Алдабергенова ешкім күтпеген нәтижеге қол жеткізді. Ол бірінші финалда үздік 8 спортшының қатарына енсе, екінші финалда 68,44 ұпай жинап, 6-шы орынды қанағат тұтты.
Фристайлда Дмитрий Рейхерд финалға шығып, 5-ші келді. Олимпиаданың 7-ші күні Денис Тен көптен күткен қола жүлдені еншіледі. Өзге спортшыларға жұғысты болғай, бұл жүлде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05