Астана қаласындағы Оңалту орталығы ашылғаннан бері мүлдем жүре алмаған 600 бала аяғынан тік тұрды
Бұл туралы бүгін осы мекеменің басшысы Шолпан Әділжанқызы 10 жылдық мерейтой қарсаңындағы конференцияда мәлімдеді. Жалпы, осы уақыт аралығында жүйке жүйесі зақымданған, тірек қимылы бұзылған, аутизм, энцефалит, менингит дертіне шалдыққан 40 мыңнан астам балғын мемлекет есебінде ем алды. Оларды түрлі әдістермен сауықтыру мақсатында орталықтың 170-тен астам маманы әлемнің 22 еліне барып біліктілігін арттырған. Алыс-жақын шетелдік дәрігерлердің қатысуымен өткен шеберлік сағаттарының саны да аз емес. «Балғындардың дертінен түбегейлі айығуы үшін медицинадағы жаңа тәсілдердің маңызы зор», - дейді мекеме басшысы.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08