Ақтөбе облысында 12 мыңға жуық жұмыс орны ашылмақ
Биыл Ақтөбе облысында 12 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Бұл жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың өңірге жасаған жұмыс сапары барысында айтылды. Қазір аймақта «Жұмыспен қамту» жол картасы шеңберінде 302 жоба іске асырылып жатыр. Ол үшін 46 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Сондай-ақ жол құрылысы да тоқтамайды. Өңірде жаңадан салынатын және жөндеуден өтетін жолдың жалпы ұзындығы 800 шақырымға жуық. Үкімет мүшелері республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының құрылысымен де танысты. Одан бөлек, Ақтөбе қаласындағы көпір құрылысын көрді. Бұл нысан жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.
Жақсыбек КЕМАЛ
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
Все
Президент «Халықтық құрылыс» бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 10:08
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05