ШЫҰ Сыртқы істер министрлері Ауғанстан мәселесін талқылады
Тәжікстан астанасы Душанбеде Шанхай Ынтымақтастық ұйымы елдерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Дипломаттар ұйымның 20 жыл ішіндегі қызметін қорытындылап, халықаралық және өңірлік өзекті мәселелерді талқылады. Бұған қоса, «ШЫҰ – Ауғанстан» Байланыс тобының отырысында Ауғанстандағы жағдай талқыланды. Сыртқы істер министрлері жауласушы тараптарды республика шекарасындағы аудандарға тұрақсыздық әкелетін әрекеттерге бармауға, күш қолданбауға үндеді. Отырыс қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен мәлімдемеде Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің терроризм, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күш біріктіруі маңызды екені айтылған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды
25.11.2026, 17:25
Ресейде қазақ мәдени ұйымдары көбейіп келеді
25.11.2026, 17:24
СҚО су құбырларын жаңартады
25.11.2026, 17:23
1300 жас маман мемқызметке конкурссыз қабылданды
25.11.2026, 17:22
Қазақстан ТМД ішінде ең білімді елге айналды
25.11.2026, 17:20
Шипажайлардың жұмысын реттейтін заң өзгеруі мүмкін
25.11.2026, 17:19
«Халыққа жақын» жобасы Сыр өңірінен басталды
25.11.2026, 17:17
Қазақстанның зейнетақы мөлшері ТМД елдері арасында 4-орында
25.11.2026, 17:15