Негізгі азық-түлік қоры 819 мың тоннаға жетті
Елде негізгі азық-түлік қоры 819 мың тоннаға жетті. Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының 32 түрі бойынша мониторинг жүргізген. Тауардың 301 мың тоннасы өндіруші кәсіпорындарда, қоймаларда – 86 мың тоннадан аса, сауда желілерінде – 374 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 18 мың тоннадан аса азық-түлік тауары бар. Сонымен бірге 495 млн дана жұмыртқа қорға жиналған.
Жауапты министрлік өкілдері тауар алты айға дейінгі жеткілікті екенін айтады. Бұған дейін негізі азық-түліктің жыл басынан бері қымбаттап жатқанын айттық. Әлеуметтік маңызы бар тауардың өзі бір жылда 9,6%-ке өскен. Бағаны ұстап тұру үшін тұрақтандыру қорына биыл 33 млрд теңге бөлінген еді.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04