Алматы облысында полиция қызметкері жасаған жол апатынан 1 адам қаза тапты
Алматы облысында полиция қызметкері көлігімен қарсы бағытқа шығып кетіп, жол апатына себепші болды. Салдарынан қарама-қарсы келе жатқан көліктің жолаушысы мерт болды. Оқиға Алматы-Талғар тас жолында болған. Тойота Прадо көлігінің жүргізушісі Хонда Стрим көлігімен соғылып, 20 жастағы бойжеткен оқиға орнында көз жұмды. Тәртіп сақшысы апат орнынан бой тасалаған. Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, 24 қаңтарда облыстық Полиция департаментінің тәртіптік комиссиясының шешімімен ол беделіне нұқсан келтіргені үшін қызметінен босатылды.
Қылмыстық Кодекстің 345 және 347-бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Читайте также
Все
Президент «Халықтық құрылыс» бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 10:08
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05