Абай облысында атты полиция қайта құрылды
Семейде атты полиция қайта құрылды. Енді көлік жүре алмайтын аумақтарды, жағалаулар мен саябақтарды патрульдік полиция батальонының атты әскер взводы бақылайды. Тәртіп сақшыларының мәліметінше құқық бұзушылықтың көбі саяжайларда орын алады. Енді ондай аудандардағы қоғамдық тәртіпті күшейтуге мүмкіндік туып отыр. Кавалерия бөлімшесін қажетті құралдармен, арнайы әбзелдермен қала әкімшілігі қамтамасыз еткен.
Қайрат Әбдіғалиев, Семей қалалық ІІБ бастығы:
Патрульдік полиция батальонының атты әскер взводы барлық талапқа сай келетін құралдармен қамтамасыз етілді. Айрықша белгілері бар киім мен ат әбзелдері берілді. Қала әкімшілігі полиция имиджін қалыптастыруда жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Бүгін «Сергек патруль» аталатын жүйе орнатылған көліктерге де ие болдық.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04