Қостанай облысында жергілікті органдар жолда қалған тәжік азаматтарына көмек көрсетті
Қостанай облысының Рудный-Қашар бағытында жолда қалған Тәжік азаматтарына жергілікті органдар көмек көрсетті. Шетелдіктер мінген автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, соның салдарынан көлік жол жиегіндегі үйілген қарға батып қалған. Автобус ішінде 58 адам болды, оның жетеуі бала. Төтенше жағдай қызметі мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жолаушыларды Рудный қаласына әкеліп жылы жерге орналастырды. Ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Ешкім зардап шеккен жоқ. Көп кешікпей арнайы техника көмегімен автобус қар құрсауынан шығарылып, шетелдік қонақтар сапарын жалғастырды.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04