Қарағанды облысында жылу желілері тозған
Қарағанды облысында былтыр барлық жылу электр орталығын жөндеуге 30 млрд теңге және жылу желісіне 19 млрд-қа жуық қаражат бөлінген. Алайда, одан нәтиже аз. Саланың тозу деңгейі 70% шамасында қалып отыр. Аймақтағы 7 жылу электр орталығында 49 қазандық пен 31 турбина бар. Теміртаудағы екі жылу орталығының жағдайы қиын.
Адай Қуанышев, Қарағанды облысы Энергетика және ткш басқармасының энергетика және газдандыру бөлімінің басшысы:
2023 жылы жылу желілерінің тозуы 67,7% құрады. 2023 жылы желілердің тозу деңгейін төмендету үшін бюджеттің барлық көздерінен 32 және 3 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді. Яғни жылумен жабдықтау саласындағы 16 жобаны іске асыру көзделуде.
Бұл - құбырлардың тозуын небәрі 1,3%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Ал биыл жылу коммуникацияларын жөндеуге 30 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады. Бұл олардың жағдайын тағы 1 немесе 2 пайызға жақсартуы тиіс.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04