Алматылық жастар «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып жатыр
Алматылық жастар «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсене қатысып жатыр.
Экологиялық мәселелерді шығармашылық арқылы жеткізуді көздеген ұл-қыздар «Жасыл қала өнері» атты шара ұйымдастырды. Қатысушылар болашаққа деген көзқарастарын көркем суретпен бейнеледі. Сондай-ақ, «Бейбітшілікті сақтайық» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, экологтар қоршаған орта сапасын жақсартуда өз тәжірибелерімен бөлісті. Ерекше экологиялық шара аясында жастар пластик, алюминий және шыны жинайтын арнайы үш эко-боксқа 50 келіден астам қоқыс жинады.
Нұрай Мырзалиева, ұйымдастырушы:
Бұл біздің бірінші экологиялық жобамыз емес, осыдан бұрын біз батарейкалар туралы жоба ұйымдастырғанбыз, кез келген адам біздің коммюнитиға келіп өзінің батарейкаларын тапсыра алды жұмыс істемейтін, себебі 1 батарейка кем дегенде 5 гектар жерді құртады, сол себепті біз оларды жинап қайта өңдеуге жіберді
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04