Павлодар облысында 150 жүк көлігі заңсыз рәсімделген
Павлодар облысында шетелдік жүк көліктерді заңсыз тіркеуге қоюды кәсіп қылған қылмыстық топ ұсталды. Қазір олар қамауда отыр. Күдіктілер 2021 жылдың маусым және тамыз айында 150 көлікті бірінен соң бірін рәсімдеген. Ақпараттық базаға енгізу үшін төлемақы жасалғаны жөніндегі түбіртектерді қолдан жасаған. Осылайша алғашқы тіркеу және утиль алымына тиесілі 1,5 млрд-қа жуық қаржы мемлекетке түспеген. Қазіргі уақытта алаяқтық жолмен тіркелген көліктердің барлығы айып тұрағына қойылды. Күдіктілерге қатысты экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04