Жұмыс орнында есірткі сақтап, оны сатқан полицей сотталды
Ақтөбеде өзінің жұмыс орнында есірткі сақтап, оны сатқан полицейге сот үкімі шықты. Ол шенінен айрылып, он жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұрынғы құқық қорғау қызметкері 2022-жылы ұсталған. Ол «мефедронның» 11 пакетін өзінің жұмыс кабинетінде сақтап, полиция бөлімі ғимаратының алдында 120 мың теңгеге сатқаны анықталды. Бұл істі 2023-жылы номері екінші Ақтөбе қалалық соты қарап, оны он жылға соттау туралы шешім шығарды. Айыпталушы кінәсін мойындамаған. Кейін іс Жоғарғы сотқа дейін жетіп, бірінші инстанциядағы үкімнің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. Бұл жолы сот алқа билердің қатысуымен өтіп, шешім шығарылды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04