Азиада-2025: Шаңғышылар күміс жүлде жеңіп алды
Бүгін Қытайдың Ябули қаласында шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы эстафетада отандастарымыз күміс медаль жеңіп алды. Команда құрамында: Ксения Шалыгина, Камила Елғазинова, Ангелина Шурыга, Надежда Степашкина бар. Бұл сында алтын - Қытай, қола - Жапония қыздарына бұйырды. Сондай-ақ, ски-альпинизмнен аралас жұптық кезеңде бақ сынаған Әсем Назырова мен Нияз Жанзақов финалға жолдама алды. Ал хоккейден әйелдер құрамасы топтық кезеңнің кезекті ойынында Жапония құрамасынан 0:4 есебімен жеңіліп қалды. Қыздар енді кезекті матчты жарыс қожайыны Қытай құрамасына қарсы өткізеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04