Үздік бастауыш партия ұйымдары белгілі болды
Алғыс айту күні қарсаңында «AMANAT» партиясында үздік бастауыш партия мен қоғамдық қабылдау бөлмесі байқауы қорытындыланды. Елдің барлық аймағындағы 3700 бастауыш партия ұйымы мен 225 қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері іс-шараға онлайн қатысты. Қазылар алқасының шешімімен Алматы облысы, Астана және Шымкенттегі бастауыш партия ұйымдары үздік деп танылды. Ал партияның Түркістан облысы мен Алматы қаласы Алатау аудандық филиалдары қоғамдық қабылдау бөлмелері арасында жеңіске жетті.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Әлеуметтік зерттеулер нәтижесіне сәйкес, партия көтеріп жүрген өзекті мәселелердің басым көпшілігі халықтың қолдауы мен сенімінен шығып отыр. Мемлекет басшысы өзінің жолдауы мен сөздерінде партияның рөлін айрықша атап өтеді. Партия жобаларына да оң бағасын беріп жатыр. Бұл - біз үшін үлкен абырой және зор жауапкершілік.
Темірлан Нұрсолтанов
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04