Маңғыстау облысында 7 адам газдан уланып қайтыс болды
Бүгін Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы жеке үйде 7 адамнан тұратын бір отбасы түгел газдан уланып, қайтыс болды. Олардың бесеуі кәмелетке толмаған бала.
Маңғыстау облысы ТЖД-ның алдын ала болжамы бойынша қайғылы оқиға газ жабдықтарының ақауынан болған. Қаза тапқандар Қазақстанда уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары екені анықталды.
Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған отбасының туыстарына жан-жақты көмек беріледі, соның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қолдау көрсетіледі.
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04