Ақтөбеде «Алтыбақан» ойын-сауық кеші өтті
Ақтөбеде Наурызнаманың онкүндігі аясында Жаңару күніне арналған ойын-сауық кеші өтіп жатыр. Оған қала жастары жиналды.
Бұл кештің ерекшелігі сол – бозбалалар мен бойжеткендер алтыбақан теуіп, ұмытыла бастаған «Ақсүйек», «Орамал тастау» секілді ұлттық ойындарымызды қайта жаңғыртты.
Олар ұлттық киім киіп, бір-бірімен өнер бәйгесіне де түсті. Көпті көрген үлкендер жиналғандарға тағылымы мол салт-дәстүрлеріміз туралы айтып берді. Кешке өнер ұжымдары да үлкен дайындықпен келген.
Орталық алаңға киіз үйлер тігіліп, молшылық пен тоқшылықтың белгісі – Тайқазан орнатылды. Оның диаметрі екі жарым, биіктігі 3 метрден асады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04