Семейде ақсақал алаяқтық жасады деген күдікке ілінген
Семейде 76 жастағы қария алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Полицияға 68 жастағы зейнеткер әже хабарласқан. Анықталғандай, одан несие рәсімдеуге көмектесемін деп Қазбек есімді азамат 100 мың теңге алған. Сол күйі ұшты-күйлі жоғалған. Арыздан кейін тәртіп сақшылары алаяқтық жасаған адамды іздеп тапқан. Полицейлер оның 76 жастағы қария екендігін анықтады. Ата өзінің кінәсін толық мойындаған. Ал замандасынан алдап алған ақшаны қажетіне жаратып жібергенін айтқан. Енді ақсақалдың үстінен «алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04