Ұлытау облысында жылу желілерін жаңғырту басталды
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында жылу желілерін жаңғырту басталды. 50 жыл жөндеу көрмеген нысанның ұзындығы 8 шақырымнан асады. Қазір соның 500 метрінде жұмыс аяқталған. Жалпы, Сәтбаев қаласының жылу желілерін жаңартуға бюджеттен 10 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржыға 4 магистральдің екеуі жаңғыртылады. Бұдан бөлек, қаладағы жылу энергетика кәсіпорнын қысқы маусымға дайындау үшін 1 жарым млрд теңге инвестиция тартылды.
Ахмет Сыздыманов, Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары:
375 метр ескі құбырды демонтаждап, 100 метр лоток құрылғысын орнатып, дәнекерлеу жұмыстарын бастап кеттік. Жөндеу жұмыстары күн сайын қарқын алып келеді. Жобаның әр кезеңі бақылауда.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04