Науқастардың жағдайы тұрақталса, Астанаға жеткізіледі
Маңғыстауда жол апатынан зардап шеккен екі науқас Астанаға жеткізілмек. Қазір олар облыстық көпбейінді ауруханада, жағдайлары ауыр. Одан әрі емдеу бойынша республикалық орталық мамандарымен телемедициналық консультациялар өткізілген. Екі пациентті елордадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының клиникасына жатқызу ұсынылды. Науқастардың біріне полижарақат диагнозы қойылған, екі өкпесі де көгерген, бұл десатурация кезеңдерін тудырады және тасымалдауды қиындатуы мүмкін. Басқа пациенттің жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты, енді алаңдаушылық туғызбайды. Апаттан зардап шеккен үшінші адам Жаңаөзен қаласының ауруханасында, оның жағдайы тұрақты. Еске салайық, 11 қыркүйекте аймақта жол көлік апаты болып, 10 адам қаза тапты.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04