Еуропалық сарапшылар діндер съезіне үлкен үміт артады
«Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі ғаламда бейбітшілік орнатуға қомақты үлес қосады». Орталық Азия бойынша Еуропалық сарапшы Альберто Тюркстра осылай дейді. Өзі үш жыл бұрын өткен конференцияға «Дипломатиялық әлем» басылымының атынан қатысып, басқосу жайлы көлемді мақала жариялаған. «Жаһандық келісім мен өзара түсіністікті насихаттауға бағытталған сьездің салмақ-абыройы жыл өткен сайын артуда», - дейді сарапшы.
Альберто Тюркстра, «Дипломатиялық әлем» басылымының жоба жетекшісі, орталық Азия бойынша тәуелсіз сарапшы:
Әлемдегі ахуал ушығып, діни қақтығыстар өршіген тұста осы конференцияны өткізудің маңыздылығы одан сайын арта түсті. Себебі бізге диалогты дамыту үшін осындай платформалар өте қажет. Осындай пікірлатас алаңы өзара түсіністікке ықпал етіп, ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуге септігін тигізеді.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04