«Хан Тәңірі» командасының 19 жасар шабуылшысы Диас Төлеу өмірден өтті
Бірінші футбол лигасында ойнайтын «Хан Тәңірі» клубының ойыншысы Диас Төлеу матч кезінде есінен танып, жасыл алаңда жан тапсырды. Қайғылы оқиға Екібастұз командасымен кездесуде болған. Ақпаратты Қазақстан футбол федерациясы растады. Қазір арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әріптестерінің айтуынша, Диас Төлеу футболды жан-тәнімен жақсы көретін, талантты ойыншы еді. Спортшы – алматылық «Қайрат» клубының түлегі. Осы маусымда «Хан Тәңірі» командасында 25 ойын өткізіп, 3 гол соқты, 4 нәтижелі пас берген.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04