Елімізде 200 мыңнан астам адам IT саласында жұмыс істеп жатыр
Бүгін - цифрландыру және ақпараттық технологиялар күні. Бұл тұтас еліміз үшін аса маңызды саланың бірі. Себебі, бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн форматта көрсетіледі. eGov, Smart Data Ukimet, Digital ID және Alem.AI платформалары күн сайын мыңдаған мамандардың жұмысын қамтамасыз етіп, қызметтерді ыңғайлы, қолжетімді және қауіпсіз етіп жатыр. Жалпы, Қазақстанда IT саласында 200 мыңнан астам адам еңбек етеді екен. Соның ішінде 20 мыңы – жасанды интеллект саласының мамандары. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бүгін ақпарат таратты. Олар алдағы бес жыл ішінде 1 миллион азаматқа жасанды интеллект дағдыларын үйретуді көздеп отыр.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04