Атырауда бір отбасы жоғалып кетті: Күйеу баласы кісі өлтірді деген күдікке ілінді
Атырау облысы Қызылқоға ауданында ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты марқұмдардың күйеу баласы күдікті ретінде іздестіріліп жатыр. Еске салсақ, Жангелдин ауылында бүтін бір отбасы із-түзсіз жоғалып кетіп, осыдан үш күн бұрын әйелі мен күйеуінің мүрдесі ауладағы сарайдан табылған еді. Қалған екі адам әлі хабар-ошарсыз. Сонымен қатар күдіктінің әйелі, яғни марқұмдардың үлкен қызы да жоғалғандардың қатарында. Қазір оларды іздестіру шаралары жалғасып жатыр.
Абай Жұмабаев, облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары:
Қылмысқа күдікті Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ өзге де тұлғалардың қатыстылығы тексерілуде. Әлеуметтік желі қолданушыларын ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға және жалған мәлімет таратудан бас тартуға шақырамыз.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04