Трамп: Иранға тағы бір армада бара жатыр
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарай тағы бір америкалық әскери флотилия бара жатқанын мәлімдеді. Айовадағы митингте сөйлеген сөзінде Ақ үй басшысы Тегеран мен Вашингтон арасында мәміле жасалатынына сенімді екенін айтты. Алайда нақты қандай келісім екеніне тоқталған жоқ.
Бұған дейін Трамп Парсы шығанағына Американың әскери кемелері бара жатқанын қаңтардың 23-де мәлімдеді. Ақ үй басшысы ай басынан бері Тегеран демонстранттарға оқ атса, күш қолданатынын ескерткен еді. Әлемдік басылымдар Иранға апта соңында соққы берілуі мүмкін деп жазып жатыр. Ал кешегі мәлімдемесінде Трамп әскери кемелерді қолдануға тура келмейтініне үмітті екенін меңзеді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04