Шымкентте «Таза Қазақстан – ортақ үйіміз» дөңгелек үстелі өтті
Шымкенттегі Азимед медициналық колледжінде «Таза Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында студенттер қаланы тазалау, көгалдандыру және жасыл аймақтар құру бойынша идеяларын ортаға салды. Іс-шара барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғау мәселелеріне жастардың белсенді қатысуының маңызы айтылды. Сонымен қатар студенттерге волонтерлік қызметтің қоғамға және жеке тұлғаның дамуына тигізетін пайдасы туралы да кеңінен ақпарат берілді.
Анар Көшкенбайқызы, оқытушы:
Табиғатты таза ұстау әр азаматтың міндеті болу керек. Себебі қоршаған орта біздің денсаулығымыздың, болашағымыздың кепілі болып табылады. Егер бүгін біз табиғатқа жанашырлықпен қарамасақ, ертең оның зардабын өзіміз тартатын боламыз.
Автор
Ернұр Уәлихан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04