БҰҰ: Ливанда гуманитарлық жағдай нашарлап барады
БҰҰ Ливандағы гуманитарлық жағдайға алаңдаушылық білдіріп, жедел шиеленісті бәсеңдетуге үндеді. Ұйымның дерегінше, 1 млн-нан аса адам үйлерін тастап кеткен. Израильдің әуе шабуылынан 1300-ден аса ливандық қаза тапқан. БҰҰ бейбіт тұрғындарды, денсаулық сақтау мекемелері мен гуманитарлық миссия қызметкерлерін қорғау маңызды екенін алға тартты. Ливанда «Хезболла» мен Израиль арасындағы қарулы қақтығыс екінші айға жалғасты. Израиль қарулы топқа қарсы ауқымды әуе және құрлық операциясын жүргізіп жатыр. Бұған «Хезболла» Иранға қарсы шабуыл үшін кек алу мақсатында Израильді атқылауы себеп болған.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04