ТМД Сыртқы істер министрлері кездесті
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Мәскеуде өткен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты. Онда интеграцияны нығайтуға бағытталған өзекті халықаралық мәселелер талқыланды. Сонымен қатар ынтымақтастықты тереңдетуге арналған жоба-жоспарлар пысықталды. Отырыс қорытындысы бойынша сыртқы саясат ведомстволарының басшылары қауіпсіздік, мәдени-гуманитарлық, білім беру салаларындағы әріптестікке қатысты бірнеше құжатқа қол қойды. ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысы биылғы жылы Достастыққа төрағалық ететін Түркіменстанда 7 қазанға жоспарланған. Ал 9 қазанда «Аваза» ұлттық туристік аймағында ТМД мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді.
Автор
Индира Бегайдар
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04