Ансар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық жас теннисші Аңсар Ниетқалиев Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен ITF турнирінде жеңіске жетті. Финалдық кездесуде Аңсарға Қытай теннисшісі қарсылас болды. Қазақстандық спортшы қарсыласынан басым түсті. Есеп – 7:5, 6:3. Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Аңсар Ниетқалиев ITF World Tennis Tour Juniors халықаралық турниріндегі барлық кезеңдерде жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, Гуанчжоуда чемпион атанды. Бұл Аңсардың әлемдік рейтингтегі орнын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.
Автор
Айжан Иманғали
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04