Алматыда 100 сарбаз әскери ант қабылдады
Алматыда мерекеге орай 100-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады. Салтанатты шараға ата-аналар, ардагерлер мен запастағы офицерлер қатысты. Жас жауынгерлер бір айдан аса уақыт дайындықтан өткен. Сарбаздар әскери анттың үлкен жауапкершілік екенін айтты. Шара барысында мерекелік концерт ұйымдастырылып, ата-аналар жас сарбаздарға сәттілік тіледі. Ал ант қабылдау рәсімінен кейін жауынгерлер енді үш айлық дайындықтан өтіп, шекара шебіне жіберіледі.
Фархат Сексенбаев, қатардағы жауынгер:
Әскери ант екі ғана сөз болса да оның артында терең мағына жатыр. Әскери антты жауапкершілікпен қабылдайды. Әскери антты қабылдағаннан кейін адам өз міндеттеріне айқын нақты қадам басуы керек.
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04