17 жастағы қазақстандық теннисші Париждегі жарысты жеңіспен бастады
17 жастағы қазақстандық теннисші Париждегі жарысты жеңіспен бастады. Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатының алғашқы айналымынан сүрінбей өтті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Старттық матчта отандасымыз ұлыбританиялық Марк Чебанмен шеберлік байқасты. Кездесу барысын толықтай бақылауда ұстаған Заңғар 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетті. Корттағы тартысты бәсеке 1 сағат 37 минутқа созылды. Заңғар Нұрланұлы Париждегі Үлкен дулыға турнирінің 1/16 финалына жолдама алды. Отандасымызға сәттілік тілейміз.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04