Францияда ұшақ құлады
Францияда шағын ұшақ құлап, 11 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Томблен қаласында болды. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, мерт болғандардың біреуі пилот, қалғандары парашют мектебінің инструкторлары мен курсанттары.
Айта кетсек, бұл апатқа туыстарының ұшақтан секіру сәтін тамашалау үшін
аэродромға жиналған адамдар да куә болды.
Авиациялық техника Нанси-Эссе әуежайынан көкке көтерілгеннен кейін дереу төмен
қарай құлдилаған. Билік өкілдері айтқандай, қанатты машина тұрғын үйлерді соға
жаздап жерге түскен.
Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Франция ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Париж прокруратурасы трагедияға байланысты тергеу жүргізіп жатыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04