Игуасу сарқырамасын тамашалауға туристер көптеп барып жатыр
Оңтүстік Американың Игуасу сарқырамалары күшейіп, туристердің назарын аударып отыр. Аймақта жауын құйып, өзендердің арнасынан асуы бұған себеп болған. Табиғаттың жеті кереметінің бірі атанған Игуасу Аргентина мен Бразилия шекарасында және Парагвайға жақын орналасқан. Оның аргентиналық тарабы су апаты қаупіне байланысты уақытша жабылса, Бразилия жағы саяхатшылар үшін әзірге ашық тұр. Бұл сарқырамалардан әдетте секундына 1 жарым миллион литр су құласа, қазір сол көртсеткіш төрт есе артып, 6 миллион литрге жуықтаған.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04