Алматыда сел қаупі бар көлдер тәулік бойы бақылауда
Алматыдағы сел қаупі бар мореналық көлдер тәулік бойы бақылауға алынды. Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, 130-дан астам маман сел қаупі бар учаскелерде мониторинг жүргізіп жатыр. Қазіргі гидрологиялық жағдай тұрақты. Көлдер маусымдық толу кезеңіне өткенімен, су деңгейі қауіпті межеден төмен, сел қаупінің белгілері тіркелмеген. Тау өзендеріне қосымша бақылау бекеттері қойылып, мореналық көлдер мен мұздықтарға мониторинг күшейтіліпті. Сонымен қатар Ақсай өзені алабындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бүлінген жол учаскелері жөнделіп, өзен жағалауы бекітілді, дейді мамандар.
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04