Ұлыбританияда егде жастағы сайлаушылардың белсенділігі жоғары
Ұлыбританияда дауыс беруге құқылы азаматтардың 60 пайызға жуығы сайлауға қатысады. Бұл - 2024 жылғы парламент сайлауының статистикасы. Айта кетерлігі, егде жастағы сайлаушылардың жастарға қарағанда белсенділігі әлдеқайда жоғары. Соңғы ірі саяси маңызды шарадан кейін жүргізілген сауалнамаға сәйкес, 66 жастан асқандардың 88,6 пайызы дауыс беруге қатысқанын айтқан, ал 18 бен 25 жас аралығындағы азаматтардың үлесі 65,4 пайыз ғана. Сондықтан да болар соңғы уақытта билік пошта арқылы дауыс беру жүйесін кеңінен қолдана бастады.
Том Брейк, Unlock democracy қоғамдық ұйымының бас директоры:
Ұлыбританияның сайлау заңнамасы түбегейлі жаңартуды қажет етеді. Ол дауыс берушілердің белсенділігін жоғарылатуға бағытталуы тиіс. Қолданыста бар құжат бұл түйткілді шешпей, керісінше биліктегі үкіметтің өкілетін күшейтіп, оппозициялық партиялар мен қарапайым сайлаушылардың мүмкіндігін шектеп отыр.
Автор
Марина Бекенова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04