Еліміздегі жастар саны 6 миллиондай
Бүгін – халықаралық жастар күні. Бүгінде елімізде 14-35 жас аралығындағы 6 млн-ға жуық жас бар.
Білімді жастардың да жыл сайын саны артып келеді. Мәселен 655 мың жастың жоғары білімі бар. Соның ішінде Алматыдағы жоғары білімді жастардың үлесі 28%, Шымкентте 21%, Астанада 19%. Сондай-ақ, елде 8,7 мың жас ғалым еңбек етеді. Ал «Болашақ» бағдарламасы арқылы 13 мыңнан астам қазақстандық шетелде білім алған. Қазір жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1% шамасында. Айта кетейік, «Жастар практикасына» соңғы екі жылда 39 мыңға жуық жас қатысып, оның 6,5 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал соңғы бес жылда 145 мыңан астам жас баспанамен қамтылған. Ал соңғы 5 жылда кәсіпкерлікпен айналысамын деген жастарға 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген.
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04