Жапонияның Тиба префектурасында тасқыннан 4 адам қаза тапты
Жапонияның Тиба префектурасында рекордтық мөлшерде жауын жауып, елді мекендерде алапат тасқын басталды. Соңғы мәліметке қарағанда, төрт адам қаза тапқан. Сонымен қатар, мемлекет астанасы Токиомен шекаралас Тибада жолдар мен теміржолдар су астында қалып, электр жүйесі істен шығып, 25 мыңдай үй шаруашылығы жарықсыз отыр.
Құтқару операцияларына армия жауынгерлері де аттанды. Жергілікті үкіметтің мәліметінше, қайтыс болған төрт адамның біреуі суға батқан машинасынан шыға алмай қалған.
Нарита қаласының
әуежайы болса, 7 мыңдай жолаушының сапарға аттана алмағанын хабарлады.
Дегенмен, авиациялық порт өкілдерінің өзге бір дерегінше, бүгін ұшақтар кесте
бойынша ұша бастайды.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04