Олжас Бектенов «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Жиында холдингтің алдағы 10 жылға арналған даму жоспарын жаңарту жайы қаралды. Жаңа жоспар үш стратегиялық бағытты қамтиды, олар – активтерді тиімді басқару, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, сондай-ақ, бизнесті дамыту үшін жағдай жасау. Кәсіпкерлерді қаржыландыру жылына 8 трлн теңге көлемінде қалады. Тек жыл басынан бері бизнесті қолдауға 5 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген. Бүгінгі отырыста қабылданған шешімдер холдингтің инвестициялық рөлін күшейтуге, қызмет ашықтығын арттыруға және корпоративтік басқаруды жетілдіруге бағытталған.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04