Еуропарламент Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалайды
Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы Конституциялық, құқықтық реформаларға жоғары баға беруде. Франция атынан сайланған Еуропарламент депутаты Тьерри Мариани бір Палаталы Парламенттің құрылуымен құттықтап, Құрылтайдың жаңа құрамымен ынтымақты арттыруға ниетті. Саясаткер «Қазақстанның өлім жазасын жойып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң қабылдап, адам құқықтарын сақтауға басымдық бергені өзге елдерге үлгі», - дейді.
Тьерри Мариани, Еуропалық Парламент депутаты:
Билік жаңа Президентке өткеннен кейін елдеріңізде ауқымды реформалар жүзеге асырылғанын көріп отырмыз. Конституциялық Соттың, адам құқықтары жөніндегі омбудсменнің мәртебесін көтеріп, бірыңғай Президенттік мандат енгізді. Мұның бәрі елдеріңіздің өзгерістерге деген ұмтылысын, азаматтық қоғамды дамытуға басымдық бергенін көрсетеді. Бізде өткен Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында барлық спикерлер бұл реформалардың оң аспектілерін атап өтті.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04